Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсаннан Қытайға газ жіберу тоқтатылды

Сарыбұлақтағы кенішті игеруші "Тарбағатай мұнай" компаниясы мен Энергетика министрлігі арасындағы келісімшарт 31 желтоқсанда аяқталды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Зайсаннан Қытайға газ жіберу тоқтатылды

Зайсан ауданының белсенділері 31 желтоқсанда түнде Қытайға газ жіберетін құбыр бекітілгенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Азаттық сайтына сілтеме жасап.

1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз газ кеніші – Сарыбұлақтан Қытайға табиғи газ экспорттау тоқтатылды. Бұл жөнінде Азаттыққа жергілікті белсенділер хабарлады, ақпаратты кеніш орналасқан Зайсан ауданының билігі растады.

Әкімдік осыған дейін жыл соңында меморандум уақыты бітеді, Қытайға газ сату тоқтатылады деп айтқан болатын. Сол бойынша компанияға талап қойып барғанымызда олар келісім берді. Құбырды бекіту жұмысы бес-алты сағаттай уақытты алды. 31 желтоқсанда кешкілік барғаннан түнгі сағат үш шамасында ғана үйге қайттық, - деді аудан тұрғыны Асхат Смағұлов.

Бұған дейін Зайсан ауданы тұрғындары аймақтағы бірнеше ауыл газсыз отырғанда жергілікті әкімдік көгілдір отынды Қытайға жіберіп жатыр деп бірнеше рет наразылық білдірген еді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Серіков кенішті игеруші "Тарбағатай мұнай" компаниясы мен энергетика министрлігі арасындағы келісімшарт 31 желтоқсанда аяқталғанын айтты. Яғни, бұл келісімнің аяқталғаны Қытайға газ тасымалдау тоқтағанын білдіреді.

Компания 2022 жылы [Қытайға] 75 миллион текше метр газды экспорттауы тиіс болған, алайда бұл шамаға жетіп үлгерген жоқ. Сонда да белгіленген мерзімі келгендіктен келісімді тоқтатты, - деді Серіков.

Ал "Тарбағатай мұнай" компаниясының инженері Серік Жолымбетов "биыл Қытайға 67 миллион текше метр газ айдалды" дейді.

Жетпей қалған көлемді экспорттау үшін құбыр қайта ашыла ма? Ол жағын әлі әкімдік те, компания өкілдері де нақты айта алмай отыр.

Следующая →