Зайсаннан ұлттық өнім экспортқа шыға бастады
Алғашқы 20 тонна тары мен талқан Қытай Халық Республикасына жөнелтілді
Зайсан ауданындағы «Қабыл Агро» ЖШС өнімдері экспортқа шыға бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алғашқы 20 тонна ұлттық өнім көрші елге жеткізілді.
Қазақтың ұлттық тағамдарын ел арасында насихаттап, табиғи таза өнім ұсынып жүрген кәсіпкерлердің бірі - зайсандық Бірлік Мамырбек. Ол бұл ісін 2018 жылы қолға алған. Табиғи таза өнімнен балаларға арналған тағамнан бастап, түрлі дәрумендерге бай тары, талқан мен таңғы астың түр-түрін шығара бастаған.