«Жеті қазына» телевизиялық шоуының жеңімпаздары анықталды
Абай облысының өнерпаздары жүлдегерлер қатарынан көрінді
Мегажоба қыркүйек айында «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартқан болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әр жексенбі сайын қалың көпшілік көк жәшік арқылы бір жарым сағат бойы қазақтың құндылығына қанығып келді.
«Жеті қазына» 10 аталымнан тұрады. Мега жобаға 17 облыс пен 3 қаланың бәрі қатысқан. Бір бағдарламада 2 өңір өзара сайысқа түсіп отырды. Аймақтың өнерпаздары мен спортшылары ән, жыр-терме, күй, айтыс, күрес, қол күресі, арқан тартыстан бақ сынады. Жұрт ауылдың алты ауызын да осы «Жеті қазынадан» тамашалады.
Күні кеше «Жеті қазына» республикалық телевизиялық шоу бағдарламасының жеңімпаздары анықталды:
Гран при Жамбыл облысы
- 1-орын Абай облысы
- 2-орын Түркістан облысы
- 3-орын Жетісу