Өскемендегі Ұлттық ұланның әскери оркестрі тыл еңбеккеріне арнап соғыс жылдарындағы әндерден шашу шашты
Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гагарин жақында 88 жасқа толды.
Өскемендегі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қарттар күніне орай тыл ардагерінің үйіне барып, музыкалық құттықтау арнады
Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов бастаған Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттау тобы Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұлттық ұлан әскери оркестрі үйдің ауласында соғыс жылдарындағы әндерді ойнады. Оркестрдің сүймелдеуімен ардагер Иван Федоровичке ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Иван Федорович өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол еңбек жолын 7 жасынан колхозда бұзауларды бағуға және көкөніс көшеттерін күтуге көмектесуден бастады. 1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштеріне шақырылып, 33 жылға жуық қызмет етті. 1992 жылдан 1996 жылға дейін 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
Иван Федорович III дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызмет еткені үшін" ордені, "В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған әскери ерлігі үшін", "КСРО Қарулы Күштерінің ардагері" медальдары және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Бұл күні полицейлер мен әскери қызметшілер интернационалист жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтарын қойды.
Бүгін республикалық тур аясында біз қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске аламыз. Көріп отырғаныңыздай, тас тақтада қаза тапқандардың есімдері түсіп, соғыстың нақты суреттері бейнеленген. Мұндай іс-шаралар белгілі бір күндерде ғана емес, жиі өткізілуі керек. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу біздің басты басымдығымыз. Сондықтан бейбітшілік пен тыныштық жолында өзін құрбан еткендерге тағзым етеміз, - деді Халық қаһарманы.