Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданында тұңғыш ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Ұлан ауданындағы Бестерек ауылының маңында ғылыми-зерттеу орталығыашылды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Ұлан ауданында тұңғыш ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Бұл өте маңызды нысан, өйткені әйгілі Ақбауыр шатқалындағы қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер осы мұражайда зерттеліп, сақталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл орталық облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей қолдауымен және атақты жерлесіміз, белгілі ғалым Зейнолла Самашевтің бастамасымен ашылды, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. - Ашылу салтанатына Қазақстан, Англия, Түркия, Ресей ғалымдары қатысты. Орталықтың ашылуы біздің облысымыздағы археологияның дамуына жаңа серпін беретініне және келешекте біз жаңа үлкен жаңалықтардың куәсі болатынымызға сенімдімін.

Ғылыми-орталықтың дәл осы ауылда ашылуы кездейсоқ емес.

Өйткені дәл осы жерде атақты қазақстандық археолог Зейнолла Самашев дүниеге келген.

Археология саласында сенсациялық жаңалықтар ашқан Зейнолла Самашев Берел қорғандарынан, Елеке сазы жайлауынан және Ақбауыр шатқалынан табылған бірегей олжалармен көпке танымал. Ол Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына зор үлес қосып келеді. Осы сирек жәдігерлермен қалың жұртшылықты таныстыру үшін музей салу туралы шешім қабылданған.

Бұл археология музей ғалымдардың семинарлар мен кездесулер өткізетін, ғылыми жұмыстарын ұсынатын орынға айналмақ.

Аудан әкімі былтыр осы жаңалықты мәлімдегенде музей құрылысына 170 миллион теңге қаражат бөлінгенін айтқан еді.

Следующая →