Өскемен
ясно
-29°
  • Өскемен
    -29°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -19°
  • Ақтөбе
    -22°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -8°
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -22°
  • Қостанай
    -28°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -23°
  • Петропавловск
    -30°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -22°
  • Шымкент
    -2°
$
450.47
-0.33
488.81
+2.04
¥
62.65
-0.06
4.84
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қостанай облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Қостанай облысының үш елді мекенінде өртпен күрес жүріп жатыр

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қостанай облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Облыс әкімдігі төтенше жағжай жариялау мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қостанай облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабы мәлімет таратты.

Қостанай облысында болған табиғи өрт бойынша 4 қыркүйек сағат 11.00-дегі жағдай мынадай. 3 елді мекенде, М-36 Республикалық трассасының бойында, сондай-ақ орман аймағының 8 учаскесінде өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, -делінген ресми мәліметте. 

Өртті сөндіруге 110 техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 703 адамы жұмылдырылды: Оның ішінде ҚР Төтенше жағдай министрлігінің - 58 техникасы мен 359 адамы, әуеден су төгетін құрылғымен жабдықталған 2 тікұшақ (Нұр-Сұлтан қ., Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан әкелінді) тартылған. Ал Ішкі істер министрлігінің жеке құрамынан 33 адам, Ұлттық ұланның (№6697 ә/ә) 150 адамы, 14 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі жеке құрамынан 20 адам; Орман шаруашылығынан - 32 техника мен 83 адам орман күзетіне тартылды. "Қазавиаорманқорғау" мекемесінен 12 адам, 2 техника, 1 әуе кемесі, жергілікті әкімдіктен 3 техника, 20 адам. "ҚТЖ" акционерлік қоғамынан 5 өрт сөндіргіш пойыз (21 адам)жұмыс істеп жатыр.

Аманқарағай, Лесное, Озерное елді мекендерінде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинин ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды. 

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.

ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 18 қоңырау келіп түсті. Қостанай облысы төтеншежағдайлар департаментінің 2 психологы Әулиекөл ауданының эвакопунктінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Новонеженка ауылында зардап шеккен халықты қабылдайтын 9 шатыр құрылды.

10 адам жарақат алып, күйік шалып, уланған. Яғни, тұрғындар арасында 5 адам, орман шаруашылығының бір қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, Төтенше жағдай министрлігінің 3 қызметкері зардап шеккен. Олардың төртеуі орталық аудандық ауруханада ем алып жатыр. Ал 6 адам тексеруден өтіп, көмек алғаннан кейін үйіге жіберілді. Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар 1935 жылы туған ер адамның мәйітін тапты.

Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда, -деп жазады жедел штаб.

Следующая →