Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру жоспарланған

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында ЖОО студенттеріне арналған стипендияның жаңа мөлшерін жариялады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Қазақстанда студенттердің стипендиясын 2 есе өсіру жоспарланған

Биыл студенттердің стипендиясы ғана емес, оқуға бөлінген гранттар да өсті. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылғы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, оқушыларға стипендия мөлшері де артып келеді. Мәселен, бакалавриат студенттеріне - 36 мың теңге, докторанттарға – 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді министр.

 Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға баса назар аударылған. 

Магистратура деңгейінде - 5,8 %, докторантура деңгейінде – 0,94% ғана оқиды. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура - 10%-дан астам, ал докторантура-2%-дан жоғары болуы тиіс", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Следующая →