Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ислам ойындары: Қазақстан құрамасы қанжығасын майлап үлгерді

Коньяда(Түркия) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенованың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы делегациясының отырысы өтті

Новости Казахстана / Общество в Казахстане /  Ислам ойындары: Қазақстан құрамасы қанжығасын майлап үлгерді

Қазақстан құрамасы осымен үшінші рет Ислам ынтымақтастығы ойындарында бақ сынап отыр. 2017 жылы Әзірбайжанда өткен жарысқа біздің команда шағын құраммен қатысқан болатын. Сол жылы 2 алтынмен 14-орынға табан тіреген едік. Биыл 16 спорт түрінен 127 спортшыны ел намысын қорғамақ. 

Байрақты бәсекеде велоспорттан жарыстың алғашқы күндері Қазақстан құрамасы ел қоржынына 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені салып үлгерді.

Велоспорттың трек түрінде Рината Султанова 10 км топ жарса, жекелей сында 3 км-де тағы бір алтын жүлдені қанжығасына байлады. Әлішер Жұмақан тректегі 15 км жарыста қолаға қол жеткізсе, жекелей сында 4 км-де жарыс жеңімпазы атанды. Дәл осы сында Әлішерден кейін жарыс жолын тағы бір отандасымыз Дмитрий Носков кесті. Осылайша ел қоржыны күміс жүлдемен толықты. Ал Янина Пащенко, Марина Кузьмина тағы қос қола жүлдені жеңіп алды. 

Отырыс соңында бапкерлермен жарыс барысы талқыланып, алдағы жоспарлар қарастырылды.

Следующая →