Елімізде 3500-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары бар
Рұқсат етілмеген қоқыстардың пайда болуымен күрес жалғасуда
Жыл басынан бері "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық мониторингімен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын тіркеліп, оның ішінде 1243 орын жойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою жұмысында Қарағанды, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы белсенділік танытты. ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында бұл бағытта төмен жұмыс байқалады, - деп атап өтті комитетте.
Қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін экология департаменттері 86 лауазымды тұлғаны (әкімдер мен әкімдер орынбасарлары) әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Бұдан басқа, ІІМ және әкімдіктермен бірлесіп бекітілген жоспарды орындау шеңберінде 2022 жылғы 2-3 шілдеде экология департаменттері рекреация орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.