Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Су айдында 320 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Суға түсу маусымы басталғалы Көлік комитеті «Скутер» акциясын аясында 1195 шағын кемелерді тексерді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Су айдында 320 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жағажай маусымының қызуында еліміздің су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігі мәселелері ең өзекті болып табылады. Көптеген адамдар жазғы демалысын кемеледе, катерлерде, гидроциклдарда, катамарандарда және басқа жүзу құралдарынсыз елестете алмайды. Осыған байланысты, Көлік комитеті адамдардың жаппай демалатын орындарында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Скутер» акциясын бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне сілтеме жасап. 

Акцияның мақсаты кеме жүргізушілердің шағын көлемді және олардың тұрақтарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын, ішкі су жолдарында жүзу қағидаларын және кемелерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету болып табылады", - дейді Көлік комитетінде. 

 Жаз басталғаннан бері Көлік комитетінің аумақтық органдары 1195 шағын кемелерді тексеріп, 320 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұл шаралар өткен жылмен салыстырғанда шағын көлемді флотта апаттылықтың төмендеуіне әкелді. 

Шағын көлемді кемеде жеке құтқару құралдары (кеудешелері) киілмеген және тағылмаған адамдардың болуы, осы кемені басқару құқығы жоқ адамдардың шағын көлемді кемені басқаруы, белгіленген тәртіппен тіркелмеген кемелерді басқаруы бұзушылықтардың негізгі түрлері болып табылады. 

«Скутер» акциясы 2022 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Следующая →