Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Арселор Миттал Теміртау" жұмысындағы қауіпсіздікті ҚР ТЖМ қадағалайды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде "Арселор Миттал Теміртау" АҚ қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ерекше бақылауына алды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / МЧС РК будет контролировать безопасность работы на "Арселор Миттал Темиртау"
Фото:
gov.kz

Юрий Ильин Арселор Миттал Теміртау басшылығын Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне шақырып, өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz. Өз кезегінде Арселор Миттал Теміртау басшылығы өндірістің барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Юрий Ильин Өнекәсіптік қауіпсіздік департаментіне бизнес қауымдастыққа авариялар мен оқыс оқиғалардың санын азайту үшін қажетті әдістемелік көмек көрсетуді тапсырды. Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылданатынын, тіпті өндірістің жұмысы тоқтатылатын ескертті. Себебі 2022 жылдың басынан бері өндірісте 13 авария мен 103 оқиға тіркелген.

Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин "КӘАҚҚ" ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда Республикалық орталық штабының және "АМТ" АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру жұмыстарымен танысты.

Сапар аясында Юрий Ильин облыс тұрғындарымен кездесті.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі – біздің министрлік пен қоғамның өзара тиімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретін халықпен кері байланыс. Азаматтар жазған өтініштерді қарап, қажет шараларды қабылдаймыз, – деді ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин.

Кездесу барысында Қарағанды облысының тұрғындары азаматтық қорғау органдарының қызметіне қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, оларға жауап алды. Бейнеконференцбайланыс арқылы облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары да қатысты.

Тұрғындар негізінен дала өрттері мен су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, Қарағанды облысындағы тегін жағажайлар салу мәселелерін көтерді.

Следующая →