Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зейнетақы қорындағы жинақтарды қалай біріктіруге болады

Енді ерлі-зайыптылар және жақын туыстар бір-біріне зейнетақы қорындағы артық ақшаларын аудару мүмкіндігін алды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Зейнетақы қорындағы жинақтарды қалай біріктіруге болады

Қазақстанда ерлі-зайыптының зейнетақы аннуитеті туралы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Fingramota.kz сайты.

Қыркүйекте елімізде отбасы жұптары мен жақын туыстарының Зейнетақы жинақтарын біріктіру мүмкіндігін көздейтін заң күшіне енеді. Осылайша, қазақстандықтар зейнеткерлікке ресми шығуды күтпей-ақ өмір бойғы төлемдерді ала алады. 

Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстар үшін бірлескен зейнетақы аннуитеті жақын туыстарына немесе жұбайларына өз жинақтарын біріктіруге және зейнетке ресми шығуды күтпей-ақ өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік беретін жаңа сақтандыру өнімі болып табылады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінде зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық қаражат болса, отбасылық жұптар осы өнімді пайдалана алады. 

Сонымен қатар, ҚР-да ерлер үшін зейнетақы жасы 63-те, әйелдер үшін 2022 жылы – 60,5-те басталады және 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 2027 жылға дейін 6 айға көтерілетін болады. Бірақ зейнетақы жасының басталуын күтпей-ақ зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге болады. Алайда бұл үшін БЖЗҚ-да жеткілікті жинақ сомасы болуы керек. Бұл сома салымшының жынысы мен жасына байланысты өзгереді. Сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерді ерлер 55 жастан, ал әйелдер 2022 жылы 52,5 жастан бастап ала алады.

Ол арқылы бірлескен зейнетақы аннуитеті өнімі енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы қыркүйекте қолданысқа енгізілетін болады. 

Ерлі-зайыптылардың 55 жастағы күйеуі мен әйелі сәйкесінше 10 млн теңге және 8 млн теңге көлемінде зейнетақы жинақтарына ие делік. Бұл ретте күйеуі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшеріндегі (2022 жылы 26 173 теңге) ай сайынғы төлеммен зейнетақы аннуитетінің ең төменгі құны 7,4 млн теңгені, әйелі үшін – 9,2 млн теңгені құрайды. Бұл мысалда әйелдің жинақ сомасы жеке зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жеткіліксіз. 

Жинақтарды біріктіріп және 18 млн теңге сақтандыру сыйлықақысымен бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасасып, ерлі-зайыптылардың әрбіреуі келесі төлемдерге жыл сайынғы индексацияны ескерумен ай сайын 28 430 теңге мөлшерде өмір бойы төлемдер ала алады. 

Бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде әрбір сақтандырылушы үшін дербес төлемдердің мөлшері мен кестесін қоса алғанда, шарттың дербес талаптары айқындалады, олар сақтандырылушының бірінің қайтыс болуына қарамастан қолданылатын болады. 

 Осылайша, ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, екіншісі шартқа сәйкес өзінің дербес төлемдерін алуды жалғастырады. Егер зейнетақы аннуитеті шартында сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген кезеңі көзделген болса, онда ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері кепілдік берілген мерзім ішінде кесте бойынша төлемдер алатын болады.

Следующая →