Қазақстанның қандай аудандарында құрғақшылық күтілуде
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2022 жылғы тамызда ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады
Синоптиктер еліміздің қай аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілетінін хабарлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданнында, Маңғызстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда, - дейді мамандар.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілуде.
Оңтайлы ылғалдылық Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында байқалады. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында қалыпты жауын-шашын күтіледі.