Өскемен
Қалың бұлтты
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Семей
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
    +2°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +16°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    +7°
  • Шымкент
    +14°
$
481.83
-0.50
556.8
-0.77
¥
69.76
-0.29
5.85
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ХҚКО-дан паспортты қалай тез алуға болады?

2022 жылдың алты айында қазақстандықтарға 1 353 590 жеке куәлік пен паспорт берілді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / ХҚКО-дан паспортты қалай тез алуға болады?

Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген, саны – 266 668.

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты ресімдеу үшін өтініш білдіретін клиенттер саны артады. Осы ретте ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті ыңғайлы әрі жылдам жолмен қалай алуға болатынын айтқымыз келеді, - деді ХҚКО баспасөз қызметі.

 Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет.

 Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. 

 Сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды, - деп қосты халыққа қызмет көрсету орталығында. 

Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. 

Облыс орталықтары үшін басқа әдіс қарастырылған: 

1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;

2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге. 

Ал аудандар мен облыстардағы қалалар үшін тек үшінші санат қолжетімді: 

 1 116 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.

 Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

Следующая →