Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Туристер қолайсыз сервиске шағымдана алады

Қазақстандық туристер инфроқұрылымның нашарлығына, тазалықтың сақталмауына онлайн шағымдана алады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Туристер қолайсыз сервиске шағымдана алады

Туристердің шағым-ұсыныстарын жинау процесі цифрландырылмақ. Қазіргі уақытта қазақстанда туристердің шағымдарын қабылдайтын shagym.kz модулі әзірленуде. 

Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қатысуымен демалыс орындарының жағдайларын талапқа сай қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Биыл елдегі туристер санының бірнеше есе өскені байқалады. Осыған байланысты жайлы инфрақұрылымға, әсіресе курорттық аймақтардың тазалығына жүктеменің артуы байқалады. Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірінің ұлттық парктерінде, Маңғыстауда қоқыс контейнерлері жетіспейді.

Осы орайда Ералы Тоғжанов бір күндік мерзімде ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жиілігін ұлғайта отырып шығаруды, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қосымша контейнерлер орнатуды тапсырды.

Сервис сапасын арттыру мәселелеріне жедел ден қою мақсатында shagym.kz модулін кеңінен енгізу арқылы туристердің шағымдары мен ұсыныстарын жинау процесін цифрландыру тапсырылды.

Следующая →