Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар 22-ші шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді
Инфрақұрылымды дамыту бойынша негізгі және өзекті деген мәселелер талқыланды. Бұл аудандағы ең бірінші кезекте тұрғындарды толғандыратын мәселе – жолдарды асфальттау.
Бұл жұмыстардың жобасы әзірленіп қойған, қазір біз оның қаржыландырылуын күтіп отырмыз, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
Сонымен қатар, қоғамдық көлікке қатысты да мәселенің шешімі табылды. Ауданда балалар алаңы мен футбол қорабын орнату жоспарланған.
Кездесу барысында түрлі мекемелердің қызметкерлерінен құрылған кеңес тобы жұмыс істеді. Олар тұрғындардың барлық сауалдары бойынша жауап берді.