Қазақстандықтар миллиардтаған теңгені БЖЗҚ-дағы шоттарына қайтарды
Салымшылар тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу және инвестициялар үшін ғана шоттан қаражат ала алады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары қазақстандықтар пайдаланған "артылған" қаражат статистикасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ведомствода атап өткендей, алушы аударылған соманы БЖЗҚ-ға қайтара алады.
Биыл салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) шамамен 449 миллиард теңге қайтарылды. Бұл қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде, өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептермен тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбауына байланысты, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 323 432 өтінішін қабылдап, мақұлдады. Банктерде ашылған Қазақстандықтардың арнайы шоттарына қордан 3,1 триллионнан астам теңге төленді.