Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Ақерке Рағызбаева
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

Қазақстандық студенттерге шәкіртақыны көтеру уәде етілді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі биы күзде мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшері ережелерін өзгертеді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Казахстанским студентам обещают поднять стипендии
Фото:
Устинка LIVE

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

 Мемлекеттік грантта білім алушылар мынадай мөлшерде төлем алатын болады: 

ЖОО студенттері-36 660 теңге (қазір олар 31 423 теңге алады);

Педагогикалық бағыттар және "денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын ЖОО студенттері - 58 800 теңге (қазір олар 50 400 теңге алады);

Интерндер - 61 660 теңге (қазір олар 59 289 теңге алады);

Магистранттар - 86 987 теңге (қазір олар 76 950 теңге алады);

"Назарбаев университетінде" оқитын магистранттар – 162 500 теңге (қазір олар 143 750 теңге алады);

Докторанттар - 195 000 теңге (қазір олар 172 500 теңге алады);

"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттар – 195 000 теңге (қазір олар 172 500 теңге алады); 

"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәрігер-резиденттер мен магистранттар – 100 036 теңге (қазір олар 88 494 теңге алады); 

ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген магистранттары - соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес;

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттер – 21 787 теңге (өзгеріссіз). 

Сондай-ақ, Қазақстанда шәкіртақыны кассалар арқылы төлеуге тыйым салынды, енді студенттер банкте немесе "Қазпошта"АҚ-да арнайы шот ашуға міндетті. Ведомствода оқушылар шот бойынша операциялар үшін комиссия төлемейтінін атап өтті. Құжаттың толық мәтінімен 29 маусымға дейін "Ашық НҚА" сайтында танысуға болады.

Следующая →