Астанада "Президенттік құлақтандыру" жобасы сынақтан өткізілді
Бұл жобаның мақсаты - халықты ықтимал ТЖ, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ жолдардың жабылуы туралы хабардар ету болып табылады
Жобаны ТЖ министрлігі пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
23 мамырда ел астанасында жүйе алғаш рет іске қосылады. Азаматтардың телефондарына "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық құлақтандыру" атты хабарлама келіп түсті. Одан әрі хабарламалардың атауын "112" деп ауыстыру жоспарлануда.
Басқарма мамандары бұл жоба АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили, Литва сияқты елдерде өзін жақсы көрсеткенін атап өтті.