Алаяқтар қазақстандықтарға күніне 65 мың теңгеден төлеуге уәде берді
Фактчекерлер "ҚР Жер қойнауы туралы" заңға ықтимал түзетуді және "Халықтық IPO" бағдарламасын жаңартуды пайдаланатын алаяқтық схеманы әшкереледі
Қазнетте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақша табудың жеңіл тәсілі ретінде жариялаған "Халықтық IPO" бағдарламасының жарнама форматындағы жарияланымдар таратылуда, деп хабарлайды сайт Stopfake.kz.
Алаяқтар Мемлекет басшысы қазақстандықтарға күніне 65 мың теңгеден төлеуге уәде беріп, оны "Халықтық IPO" бағдарламасының бір бөлігі деп атады.
Шын мәнінде, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өткен жылғы халыққа Жолдауында Елдің ұлттық байлығы оның азаматтарына тиесілі болуы тиіс екенін мәлімдеді, сондай-ақ "Халықтық IPO" бағдарламасын қайта бастау жоспарлары туралы хабарлады. Алайда оған әлі қатысу мүмкін емес.
"Самұрық-Қазына" қорында да ақпараттың дұрыс еместігін растады.
"Самұрық-Қазына" қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекешелендіру жоспары шеңберінде ІРО-ға шығаруға жататын ірі компаниялардың акционері ретінде жалған жіберілімде таратылатын мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейді. Әзірше қор нарығына "Эйр Астана" және "ҚазМұнайГаз"сияқты екі компанияның бағалы қағаздарын шығару жоспарланып отыр. Осы компаниялардың акцияларын қор нарығына орналастырудың нақты күндері әлі анықталған жоқ және капитал нарықтарындағы нарықтық конъюнктураға және компаниялардың өздерінің жай-күйіне байланысты,-деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.