Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері Жеңіс күніне орай төлем алады
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Отан батырларына қолдау мен көмек тиісті деңгейде болуы тиіс деп мәлімдеді
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және оларға теңестірілген азаматтар Жеңіс күніне орай төлем алады, деп хабарлайды сайт Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл барлық өңірлерде соғыс ардагерлеріне кемінде 1 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер жүзеге асырылады, - деп мәлімдеді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Бұдан басқа, облыс әкімдері 8 және 9 мамырда ҰОС қатысушыларымен және олардың отбасыларымен жеке кездесулер өткізеді. Қазақстан бойынша "ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы өтеді.
Мемлекет алдағы уақытта да жүйелі негізде біздің ардагерлерге барлық қажетті көмек көрсететін болады, - деп қосты Руслан Желдібай.