Өскеменде Kaspi QR арқылы жол ақысын төлеу толығымен қолжетімді
Бұл туралы облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында мәлімдеді
Өскемендіктердің көптеген өтініштері тыңдалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бүгіннен бастап облыс орталығында Kaspi QR арқылы қоғамдық көліктің кез келген түріне билет сатып алуға болады.
1 мамырдан бастап қалада автобустар мен трамвайларда жол жүру ақысын төлеуге сараланған тариф енгізіледі. Осыны ескере отырып, әкімдік қолма-қол ақшасыз төлем түрлерін барынша қолжетімді ету бойынша жұмыс жүргізуде, - деп еске салды қалалық әкімшіліктің басшысы Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, басқа банкингтік жүйелерді жолақысын төлеуге қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 1 мамырға дейін oskemencard карталарын сату және толтыру орындарының саны екі есе артады, - деп уәде берді Өскемен әкімі.