Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін тағы да Тамара Дүйсенова басқарды
Ведомствоның бұрынғы басшысы Серік Шапкенов Өткен аптада Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа дүйсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылсын, - делінген Жарлықта, оның мәтіні Мемлекет басшысының сайтында жарияланған.
Дүйсенбі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Дүйсенованың кандидатурасы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында келісілді.
Дүйсенова 2020 жылдың мамыр айынан бастап Президенттің көмекшісі болды. 2014-2017 жылдар аралығында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін басқарды, 2017-2018 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.