Мемлекет бұрын жекешелендірілген нысандарды өзіне қайтарады
Ол үшін Қазақстанда жекешелендірудің негізділігін қарастыратын монополиясыздандыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады

Қазақстанда бұрын жекешелендірілмеген нысандарды мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыратын экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі Комиссия құрылды, деп хабарлады республика үкіметінің баспасөз қызметі.
Комиссияның міндеті монополиясыздандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Атап айтқанда, комиссия жұмысы аясында телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа да салалардағы негізсіз жекешелендірілген объектілерді мемлекеттік меншікке беру мәселелері қаралатын болады, - делінген таратылған хабарламада.
Үкіметтің мәліметінше, 24 наурызда комиссияның бірінші отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне уәкілетті органдармен және "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорымен бірлесіп, негізсіз жекешелендірілген объектілерді мемлекеттік меншікке беру тетігі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктердің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратура мен "Самұрық-Қазына"Ұлттық қорының өкілдері кірді.