ШҚО-да облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдің медициналық қоғамдастығына ШҚО ДСБ жаңа басшысы Гүлмира Сағидуллинаны таныстырды
Естеріңізге сала кетейік, соңғы алты жыл ішінде Гүлзира Ғабдоллақызы Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының бас дәрігері қызметін атқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Гүлмира Сағидуллина өзінің кәсіби қызметін 1997 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін "емдеу ісі"мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді, осы медициналық мекемеде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында 12 жылдан астам еңбек етті.
2015 жылы өңірдегі алғашқы оңалту орталығының бас дәрігері болып тағайындалды, онда медициналық оңалту мен қалпына келтіру терапиясының ең озық әдістері енгізілді.
Шамамен алты жыл бұрын Гүлмира Ғабдоллақызы ШҚО штаттан тыс онкологы бола отырып, осы уақытқа дейін басқарған облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығын басқар ұсынылған еді.