2021 жылы ҚР-да 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстары және олардың отырыстарының нәтижелері туралы айтылды
Өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері 720 тексеру жүргізіп, 265 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ, қызметтік тәртіпті бұзудың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп жөніндегі кеңестердің 176 отырысы өткізіліп, онда 1129 мәселе қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда (үстеме жұмыстар).
Басқарманың мәліметінше, өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 24,8 мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталды.
Агенттік тұрақты негізде "электрондық үкімет" порталында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингін жүргізеді. Өткен жылы осындай тексерудің нәтижесінде порталда электрондық қызметтердің 189 түріне қолжетімділіктің жоқтығы анықталды, техникалық ақауларды жою арқылы 158 электрондық қызметтің қолжетімділігі қамтамасыз етілді, - деп атап өтті басқармада.