ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады
Республикалық әскери басқарманың бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды
Бас прокуратурада ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты қызмет бабындағы әрекетсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады,- деп хабарлайды елдің бас қадағалау органының баспасөз қызметі. - 20 ақпанда Бектанов ұсталып, осы қылмысты жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлығымен Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қызметінен босатты. Мемлекет басшысы Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде командирлік қасиеттерін көрсетпегенін айтты. Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы бұрын Ішкі істер министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымын атқарған Руслан Жақсылықов болды.