Өскеменнің шаруашылық секторы мен құтқарушылар су тасқыны болуы ықтимал жерлерді белгіледі
Облыс орталығы әкімдігінің мамандары, мүдделі органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су басу қаупі бар аймақтарды аралады
Өскеменде 954-ке жуық тұрғын үйді, оның ішінде жыл бойы адамдар тұратын саяжайларды су басқан. Құрамында мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық қызметтердің өкілдері мен құтқарушылар бар арнайы құрылған комиссия Согра ауданындағы, Ахмер және Шығыс ауылдары, 22-ші тұрғын алабындағы су басу қаупі бар жерлерді тексерді.
Бүгінгі күні Безымянный өзенінің арнасын мұздан тазарту, 22-ші тұрғын алабындағы арықтар мен Шығыс, Ахмер ауылдары, «Восточник-5» бау-бақша қоғамы ауданындағы көпір учаскесі, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Маховка өзенінде Овечий ключ ағынының су өткізгіш құбырлары тазартылуда - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
- Жақын арада құтқару бөлімінің қызметкерлері де көктемде аумағында су басу қаупі бар тұрғын үйлерді аралап көруге кіріседі. Үй иелеріне нұсқау беріліп, ақпараттық парақшалар тапсырылады, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
- Мердігер ұйымдардың көктемгі су тасқынын қарсы алуға дайындығын тексеру басталады. Күн сайын қаладағы ықтимал қауіпті жерлерге зерттеу жүргізілетін болады. Өскеменде Төтенше жағдайлар бойынша жедел штаб құрылды, су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жедел жоюға уәкілетті жедел мобильді топтар құрылды. Ал, Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардан ықтимал су тасқынына алдын ала дайындалуды сұрайды. Құтқарушылар қала тұрғындарына үйлердің маңында, аулаларды жиналған қалың қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан тазалауды өтінеді.