Қазақстан Президенті Әділет министрі Қанат Мусинмен кездесті
122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген көмек алды, көмек көрсетуге 1,8 млрд теңге бөлінді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Мусин Президентке Министрліктің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері және 2022 жылға арналған басым міндеттері туралы есеп берді.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы 26 заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу жоспарланған.
Министр сондай-ақ сот актілерін орындау және халыққа заң көмегін көрсету саласындағы жағдай туралы есеп берді. Оның мәліметінше, 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген көмек алды, ол үшін 1,8 млрд теңге бөлінді. 11 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы азаматтар тегін заң көмегін алды.
Президент әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілерді сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігінде заң қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырды, деп хабарлады баспасөз қызметі.