Автокөліктің утиль алымын айтарлықтай азайту көзделуде
Үкімет автокөліктің утиль алымына жаңартылған мөлшерлемелерді ұсынады
Автокөлікке кәдеге жарату алымы бойынша жаңартылған мөлшерлемелерді Үкімет ақпан айының соңына дейін ұсынатын болады, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.
Кәдеге жарату алымы қайта қаралады, шектен шықпау керек. Ақпан айының соңына дейін Үкімет жаңартылған ставкаларды ұсынады, - деді Смайылов.
Премьердің түсініктемесін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Үкіметтің баспасөз қызметі ұсынды.
Бір ай ішінде кәдеге жарату алымын азайту мәселелері бойынша жұмыс тобының отырыстары өткізілді.
Маған күн сайын жағдай туралы хабарлайды, мен әлеуметтік желілерде, атап айтқанда "Нетутильсбору!" тобында, талқыланып жатқан мәселеге қанықпын, - деп атап өтті премьер.
Сейсенбі күні премьер-министр автокөліктен кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері "айтарлықтай төмендеу жағына" қайта қаралатынын хабарлады.