Шығыс Қазақстан облысының танымал онколог дәрігері тегін кеңес береді
Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау онкүндігіне арналған іс-шара онлайн форматта өтеді
Ертең сағат 15.00-де ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының Instagram (@vkood_uka) парақшасында медицина магистрі, жоғары санатты дәрігер, орталықтың онкоурология және хирургия бөлімінің меңгерушісі Хусан Өмірзақовтың қатысуымен тікелей эфир өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дәрігер сізге назар аудару керек белгілер туралы, сондай-ақ аймақтағы онкоурологияның жетістіктері, онкологияның алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы айтады. Сонымен қатар, Хусан Өмірзақов тұрғындарды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Біз тәжірибелі мамандардың аузынан қатерлі ісік ауруының алдын алу және емдеу туралы мүмкіндігінше көп адамның сенімді ақпарат алғанын қалаймыз. Бұл жағдайда әлеуметтік желілерде тікелей эфирде оқырмандармен кездесу профилактиканың тағы бір құралы болып табылады, - дейді дәрігер.