Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Интерфакс

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың табыс деңгейіндегі өте үлкен алшақтықты қысқарту керегін айтты

Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға төмендесе, әлеуметтік жеңілдіктер 17 пайыздан 29 пайызға өскен

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Глава РК заявил о необходимости сократить разрыв в уровне доходов граждан
Фото:
Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым халықтың табысын арттыру қажет екенін айтты.

Халықтың табысын арттырып, халықтың табысы арасындағы алшақтықты азайту керек. Табыс – халықтың әл-ауқатын көтеріп, ертеңгі күнге сенімін арттыратын басты фактор. Өкінішке орай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік мемлекеттік көмек есебінен артты, - деді Тоқаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент елімізде тек әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен күн көріп отырған халықтың көп екенін жасырмай айтты.

Бұдан шығатын қорытынды, халықтың табысы алатын жалақыға емес, бюджет шығыстарына байланысты. Қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артып келеді. Бүгінде миллионға жуық халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған қарамастан, үкімет орташа жалақының өсіп жатқанын хабарлайды. Бұл өзін-өзі алдау, қиял, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следующая →