Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шетелде патриоттық сезім оянады

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 19 млн халық бар және оның 70%-ы қазақтар. Ал әлемнің әр түкпірінде қаншама қазақ азаматтары білім алып, кәсібін дөңгелетіп, күн көруде

Новости Казахстана / Общество в Казахстане /  Шетелде патриоттық сезім оянады

Шетел көрудің бір үлкен пайдасы әр адам өз Отанының рухты патриотына айналады. Бұл туған жерге деген сағыныштан туа ма, әлде қазақ халқының даналығы мен тамыры тереңге жайылған ұлттық құндылықтарды қадірлеп үйренуден бе, ол әр адамның жеке жағдайына байланысты болар... 

 Күршім ауданының тумалары, Күршімде танысып, табысқан жұп Ләйлә Рамазанова мен Абдурашид Чепенов бүгінде Германия елінде тұрып жатыр. Олардың шетелге шығудағы мақсаты жер-жаһанды кезу не болмаса өзге елге қызмет ету емес. Олардың басты мақсаты заманы бізден қарыштап дамыған мемлекеттердегі білім мен ғылым жүйесін зерттеу. Елімізде жоқ жаңашылдықтардың, зерттеулердің куәсі болу, сол арқылы еліміздің білім жүйесін дамытуға бір үлестерін қосу. 

Білім жүйесі жетілген 

 Еуропа елдерінің білімі мен технологиясы көш ілгері дамып келе жатқаны белгілі. Сондықтан да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын енгізіп, еліне елеулі үлес қоса алатын мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға жағдай жасады. Жас жұптың алғашқы сапары Англия еліне еді. Бұл елде Абдурашид мырза дәл осы «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып, кейін Назарбаев университетінде қызмет атқарады. Ал Ләйлә Рамазанова қала бүлдіршіндері үшін ағылшын тілінен курстар ұйымдастырып, оларды өзге тілдерді білуге баулиды. 

Балаларға курстар жүргізу барысында оларға жаңа тілді жеңіл меңгертіп, сол тілде еркін оқып, еркін сөйлеуі үшін түрлі техникалар мен әдістерді іздестіріп, соларды өз тәжірибемде қолдана бастадым. Осылайша, қашанғы интернеттегі ақпаратқа сүйене беремін деген ой келді. Оның үстіне ілімді жеңіл жеткізудің әдістерін өзім де зерттеп көргім келіп, Германияға оқуға құжаттарымды тапсырып көрдім. Екі қаласындағы университеттен шақырту келді. Ойлана келе таңдауым Мюнхен техникалық университеті оқу орнына түсті, - деп атап өтті Ләйлә Рамазанова. - Менің ол жақтағы мамандығым «Research on Teaching and Learning» деп аталады. Германияда мектепке қандай да бір жаңашылдықты енгізбес бұрын олар сол әдіске эксперимент жасайды. Қай топтың нәтижесі жақсы екенін салыстырады. Зерттеу толықтай нәтиже берген соң ғана оны білім жүйесіне енгізеді. 

 Қазақстандағы дәстүрлі білім жүйесі бойынша оқушыға үй тапсырмасы берілуі керек. Жаңадан егізілген жүйеде әр оқушы өз еркімен ізденуі керек. Осы тұста біздің қоғам дәстүрлі білім беруден арыла алмай, ата-ана баласы үшін сабақ қарап жан таласып отыратыны жасырын емес. Бәлкім бізге де, мұндай жаңашылдықтарды топ етіп енгізе салмай, ата-ана мен оқушыларды бұл жүйеге дайындау керек пе еді... Шетелдің білім жүйесінде Ләйлә ханымға ұнаған тағы бір ерекшелік - ол жақтың оқушылары біздің елдегідей емтихан, тест тапсырмайды, оларда барлығы эссе жазады. Сол арқылы әр адамның ойлау жүйесі, сыни ойлау жүйесі, тілдік қоры дамып, адамның өзіндік пікірі қалыптасады деген пікірде көрінеді. 

 «Ұят» - біздің ұлттық ерекшелігіміз 

 Шеделде, әсіресе неміс ұлты қазақтың құндылықтарына, дәстүріне қызығушылық танытады. 

 Біздің қарапайым киіз үйіміздің өзі даланың даналығына тұнып тұр. Немістер үшін оның барлығы қызық және біз олардың қызығушылықтарының куәсі болдық, - деп атап өтті Ләйлә ханым.

 Ұлттық, мемлекеттік мерекелер кезінде шетелдегі қазақтар бірігіп, түрлі басқосулар ұйымдастырады. Жалпы шетелде жүрген әр адам өзінің қандасынан бөлек, өз тілінде сөйлесетін адамды іздейді екен. Осылайша қазақтың тіліне, діліне деген сағыныш оянады.

Негізі қазақ деген өте мықты халық. Оны тарих парақтарын-ақ оқып, ұғынуға болады. Өзге елде, өзге ұлт өкілдерінің арасында жүрген кезде сен өзіңнің ұлттық ерекшелігің мен артықшылығыңды іздей бастайсың. Сол арқылы сенің бойыңдағы ұлттық рух, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, тарихтағы батыр бабаларыңның ерліктеріне деген тағзым сияқты сезімдер бойыңды еріксіз билейді, - деп қосты Ләйлә Рамазанова.

 Қазіргі кезде әсіресе жастар батыстық менталитетке еліктеп, заманға сай болу мақсатында қазақтың ұлттық тәрбиесіндегі «ұят» сөзінен арылуға асық. Қазіргі жастардың ойы да, әрекеті де еркін. 

 Әр азаматына теңдік пен еркіндікті беруде Германия көш бастап тұрған мемлекет. Мұнда гендерлік, инклюзивтік теңдік пен әділдіктен бөлек, қазақтың санасына жат бір жынысты адамдардың махаббатына да сыйластықпен қарайды екен. 

 Бала тәрбиесінде ұлықпыз 

 Шетелде бала тәрбиесінде шектеу жоқ. Ал Германияда тіпті балаларға ұрсуға да болмайды екен.

Егер көршіңіз балаңыздың жылағанын естіп қалса, ол сізге шағым түсіреді. Сол шағымнан кейін сізді ата-ана құқығынан айырып жіберуі де мүмкін, - дейді Ләйлә ханым. 

 Қазақтың кең даласындағы бала тәрбиесі мұндай қатыгездіктен өте алыс. ХІХ ғасырдағы қазақ тұрмысын зерттеушілер қазақтардың әрі қамқор, әрі мейірімді ата-аналар, ал қазақ балаларының мықты, төзімді және алғыр екенін атап өткен. Қазақта «әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығы бар. Сондықтан балаларды кішкентайынан біртіндеп шамалары келетін үй жұмыстарына тартқан. Ұл балалар үйдегі еркектерге мал қарауға көмектессе, қыз балалар тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, жүн өңдеу сияқты әйел ісіне араласып, анасына кішкентай сіңлілері мен інілерін бағуға көмектескен. 

 Сонымен қатар, қазақтың әр баласы қара шаңыраққа, ата-анаға қамқор болып қалу міндетін әлі күнге дейін абыроймен атқарып, өскелең ұрпаққа үлгі етуде. 

 - Германияда ана баласына еміренбейтін, баласы ата-анасына бауыр баспайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан қартайғанда ата-ананы қарттар үйіне тапсырып, жылына бір рет олардың қал-жағдайын біліп тұру олар үшін қалыпты жағдай. Еркіндікте өскен балалардың бойында ата-анаға деген сыйластықтың болмайтынын көрдік. Ата-анаға қарсы шығып, сөздерін бөлу, қазағымыздағыдай қолқанат болып, үй шаруасына жәрдемдесу деген нәрсе сирек кездеседі, - деп қазақ тәрбиесінің ерекшелігіне назар аударды Ләйлә ханым. - Біздің қазағымыздың тәлім-тәрбиесі - біздің баға жетпес құндылығымыз. Сондықтан қазір біз шетелге еліктеп, өзіміздің бойымызға дарыған тәлімнен бас тартпауымыз керек. Керісінше бұл қай заманды алмасаң да қазақтың ерекшілігі болған және болып қала бермек.

Отбасы құндылықтарын қалыптастыру үшін Германияда демалыстар мен мереке күндері барлық дүкен-дүңгіршектер жабылады екен. Бұл күнді әр адам өз отбасымен, бала-шағасымен өткізуі керек. Осындай амалдар арқылы жергілікті билік уыстан шыққан құндылықтарды қайта қалыптастыруға тырысуда. 

 Ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Өзге елге еліктейміз деп жүріп, өзіміздің теңдесі жоқ тәрбие жүйемізден ажырап қалмасақ игі. 

Шетелге шыққанда отбасыдан дұрыс тәрбиенің дәнегін алып шығу керек. Яғни, егер үйде баланың бойына дұрыс тәрбие құйылса, шетелде жүргенде ол өз құндылықтарын жоғалтпай, ата салтты қадірлеп үйренеді. Егер оның бойында ешқандай тәрбие болмаса, ол шетелге шыққанда айналасындағы қоғамға еріп кете береді, - дейді Ләйлә Рамазанова.


Следующая →