Қазақстанның бір ғана өңірі КВИ бойынша "жасыл" аймақта
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 213 147 адам, екінші компонентін - 8 785 187 адам алды
Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК 3 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Нұрсұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Маңғыстау және Қызылорда облысы.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 7 656 жағдайы тіркелді (пандемия кезінде барлығы 1 253 759). Барлығы 13 295 науқас қайтыс болды. Коронавирустан 16 371 адам қалпына келді (барлығы 1 114 833).
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 213 147 адам, екінші компонентін – 8 785 187 адам алды. 3 ақпан күні жағдайындағы 123 829 адам (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ-) КВИ-дан емделуді жалғастыруда, оның ішінде:
-
стационарларда 10 192 пациент жатыр,
-
амбулаториялық деңгейде-116 637 пациент.
КВИ+ және КВИ - мен ауырғандардың ішінде:
-
ауыр халде - 434 пациент,
-
аса ауыр дәрежедегі жағдайда - 174 пациент,
-
ӨЖЖ аппаратында-84 пациент.