Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәжілісте кейбір заңнамалық түзетулер мақұлданды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен пленарлық отырыста депутаттар асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда бекітті

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В Мажилисе одобрили некоторые законодательные поправки

Отырыста ЕАЭО кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

 Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов депутаттық корпус жұмысының басымдылығын атап өтті. 

Мәжіліс Төрағасы күн тәртібіне кіріспес бұрын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан «Жаңа Қазақстан» құру жолында Парламентке артылар жүк те, жүктелер жауапкершілік те өте зор екенін атап өтті. 

Мәжіліс Төрағасы Президентіміз халық қауіпсіздігі мен мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігін өз ісімен дәлелдегенін, ендігі жерде бұл талап әсіресе біз үшін басты қағида болуы тиіс екеніне назар аударды. 

Бірінші кезекте, Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуіміз қажет. Халық сайлаған депутаттар – ең алдымен өз сайлаушыларына жақын болу керек. Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез-келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты екені түсінікті. Сондықтан алдағы уақытта депутаттар корпусының азаматтық сектормен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, әсіресе, өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан ары жандандыратын боламыз. Бұл – Президент бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың да басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен қатар, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде, Сенатпен, Үкіметпен, Сот саласымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, - деді Е.Қошанов. 

 Сонымен қатар, Палата Төрағасы жұртпен қарым-қатынас, олардың мүдделерін қорғау біздің күнделікті жұмысымыздың негізі екеніне баса назар аударды. 

Депутаттардың сайлаушылармен тиімді жұмыс істеуі үшін біз барлық жағдайды және қосымша мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Мүмкін, халықпен кездесу форматын қайта қарауымыз керек шығар. Тамыршыдай тап басып, жұрттың мұң-мұқтажын білу үшін және заңдар қабылдау арқылы олардың көкейкесті проблемаларын шешу үшін біз сайлаушылармен жиірек кездесуге тиіспіз. Жұмысымызда осы принциптерді басшылыққа ала отырып, біз бүкіл қазақстандықтардың мүдделерін лайықты білдіре аламыз деп сенемін. Біздің мақсатымыз айқын, міндетіміз ортақ. Ол елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Осы жолда, құрметті депутаттар, бірлесе еңбек етіп, тиісті нәтижелерге жетеміз деп сенемін, - деді Мәжіліс Спикері. 

 Одан әрі отырыс барысында депутаттар асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Заң жобасын қарау барысында депутаттар заң жобасының негізгі ережелерін нақтылауға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мәселен, заң жобасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер өз қызметін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны туралы хабардар етпестен жүзеге асырады деп көзделіп отырған. 

Сонымен қатар, бонитирлеу, қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды ауыстырып салу бойынша мамандар көрсететін қызметтер сапасының төмендеуіне жол бермеу мақсатында осындай жеке тұлға-мамандардың өз қызметін бастағаны туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар етуін қалпына келтіру ұсынылды. 

Бұл ретте, олардың қызметіне қойылатын негізгі талаптар айтарлықтай жеңілдетіледі. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» бағыты бойынша білім туралы дипломы болса жеткілікті болады, бұл көптеген адамдар үшін қолжетімді болады, өйткені білімге қойылатын қазіргі талаптардың өз ерекшелігі бар. 

Техник-ұрықтандырушының білім туралы дипломы не ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаты не осы бейін бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілін растайтын құжаты болса жеткілікті болады. 

Сонымен бірге, бұл мамандар оқу және біліктілігін арттыру курстарынан тұрақты негізде өтуге міндетті, ал олардың ұзақтығын уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

Бұдан басқа, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заң әлемдік практикада кең таралған малға геномдық бағалауды жүзеге асыру нормаларымен толықтырылды. Бұл әдіс табынның өсімін одан әрі молайту және қажетті селекциялық өлшемдерге ие төл алу үшін перспективалық дарақтарды ерте кезеңде іріктеп алуға мүмкіндік береді.

Следующая →