Ақпан айының бірінші күнінде 265 адамнан КВИ белгілері анықталды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына ПТР сынамасын тапсырған 7 149 тұрғыннан оң нәтиже анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өңірлер контекстінде аурушаңдық бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр – 1336 тұрғын ауру жұқтырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Екінші орында Қарағанды облысы – 1063 науқас.
Үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 822 науқас.
Елімізде COVID-19 індеті басталғаннан бері барлығы 1 246 103 қазақстандық инфекция жұқтырған.
Ал кейінгі бір тәулікте 12 783 адам коронавирустан жазылып шықты, оның ішінде 346 адам шығыс өңірінің тұрғындары.