ШҚО-да әскери қызметші әйелдер алғаш рет спартакиадада жарысты
Өскеменде 3477 ә/б базасында "Шығыс"өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті
Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететінерлермен қатар әйелдер де өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарысқа Павлодар, Семей, Курчатов және Өскемен әскери бөлімдерінің құрама командалары қатысты-барлығы 27 әскери қызметші, деп хабарлады ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі. Қатысушылар 14 спорттық разрядты орындады.
Гвардияшы-спортшылар пневматикалық винтовкадан атудан, белтемірге тартылудан, жалпы қашықтығы 10 км шаңғы жарысында бақ сынасты. Командалар патрульдер эстафетасы бойынша жоғары нәтижелер көрсетті, онда спортшылар 10 км жалпы қашықтықта шаңғымен жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 командалық орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің құрама командасы, екінші орынды Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімінің спортшылары, үшінші орынды Өскемен қаласының 3477 әскери бөлімінің командасы иеленді.
Жаттығулардың барлық түрлері бойынша әйелдер арасында біріншілік кезінде Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Арайлым Ноғаева жоғары нәтиже көрсетті.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне алғаш рет қатысып отырмын, әскердегі әйелдер үшін спортта ерекшелік болмауы тиіс екенін түсіндім, - дейді Арайлым Ноғаева. - Барлық әскери қызметшілердің денелері шыныққан болуы тиіс деп есептеймін. Әскери бөлімде жиын басталған кезде мен жаттығулардың барлық түрлерінен тек озық нәтиже көрсетуге тырысамын деген мақсат қойдым.
Жаттығу түрлері бойынша жүлдегерлер мен чемпиондарды марапаттауды КСРО спорт шебері Александр Аникин және ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы полковник Сергей Сергеев жүргізді.
Сонымен қатар, 27 қаңтарда Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының біріншілігінде гір қоссайысынан жеке-командалық жарыс өтті.Гвардияшылар 4 салмақ дәрежесі бойынша жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 командалық орынды Курчатов қаласының 3514 әскери бөлімінің құрама командасы, екінші орынды Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімінің спортшылары, ал үшінші орынды Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің құрама командасы иеленді,-деп атап өтті ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметінде.
Жаттығу түрлері бойынша жоғары санатты төреші, ШҚО бойынша гір спорты бойынша федерация президенті Әділ Әбдіғалиев және ҚР ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы полковник Сергей Сергеев жүлдегерлер мен чемпиондарды марапаттады.