Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО Полиция департаментінің жаңа басшысы сайланды

ШҚО ПД-нің бұрынғы басшысы Сағадат Мәдиевтің неліктен отставкаға кеткені департаментте айтылмады

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Нового начальника Департамента полиции назначили в ВКО
Фото:
ДП ВКО

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің жаңа басшысы болып Серік Тұрсынәліұлы Жүнісбеков тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы неліктен отставкаға кеткенін департаменттің баспасөз қызметі хабарлаған жоқ. Полиция департаментінің жаңа басшысына келсек, оны жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың өзі таныстырды.

Серік Жүнісбеков 1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Дәл сол кезде Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.

Ол Жамбыл облыстық Полиция департаментіне тергеу бөлімінің тергеушісі болып қызметке келген. Қызмет еткен жылдары Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары, аудандық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылы ол Алматы облысы әкімдігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылдың наурыз айының басынан Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Следующая →