Өскемендік онколог қатерлі ісіктен қалай қорғану керектігін айтты
Бүкіл әлемнің жоғары білікті дәрігерлері жатыр мойны обырын анықтау апталығына арналған іс-шаралар өткізуде. ШҚО да бұл шарадан шет қалмады
Шығыс Қазақстан онкологтары жатыр мойны обырын анықтау жөніндегі дүниежүзілік апта барысында өңір тұрғындарының назарын онкологиялық аурулардың алдын алуға және ерте диагностикалауға аударатын онлайн-эфирлер өткізеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жатыр мойны қатерлі ісігі – үнем гинекологқа тексеріліп отыру арқылы алдын алуға болатын онкологияның жалғыз түрі. 30 жастан 70 жасқа дейінгі барлық әйелдер өз клиникаларында жатыр мойны обырына тегін скринингтен өте алады. Талдау төрт жылда бір рет беріледі. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстанда скринингтер тегін жүргізіледі, - деді көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігері Жандос Жағниев.
Айта кетейік, өткен жылы ШҚО-да 80 мың адам жатыр мойнының скринингтік зерттеулерінен өтті, соның арқасында 27 әйелге қатерлі ісік диагнозы қойылған.
Жалпы облыс бойынша жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте 1627 науқас тұр, - деп толықтырды Жандос Жанғалиев. - Сондықтан гинекологтың жыл сайынғы тексеруін өткізіп алмау өте маңызды.