Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлеу басталды
Аауыр жарақат алған адамдарға - 2 млн теңгеден, ауырлығы орташа дәрежеде болса - 1 млн теңгеден, жеңіл түрде жарақаттанғандарға - 500 мың теңгеден көмек беріледі
Алматыда дүйсенбі күні жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу басталады, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.
Бүгін тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендерге төлем жасай бастаймыз. Бұл - денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарына, Ұлттық Ұланға және басқаларға берілетін өтемақы төлемдері, - деді Өсеров тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында.
Оның айтуынша, өтемақы төлемдері тәртіпсіздік кезінде жарақат алған мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың зардап шеккен 603 қызметкеріне берілетін болады.
Оның ішінде 592 құқық қорғау органдарының қызметкері, ТЖ департаментінің бір қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері, "Алматы" телеарнасының бір қызметкері және медициналық ұйымдардың алты қызметкері бар, - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Өсеров бүгіннен бастап "100 мың теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілетінін, ол ТЖ кезінде жұмылдырылған 3878 полиция қызметкеріне, 1207 ТЖД қызметкеріне, 3888 медицина қызметкеріне, 93 құтқару қызметінің қызметкеріне төленетінін хабарлады.
Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады, - деді ол. - Бұдан басқа, полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөлік үшін төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі.