Индустрия министрлігі ҚР-дағы тәртіпсіздіктерден келтірілген шығын сомасын хабарлады
Митингтер барысында елімізде 351 жылжымайтын мүлік объектісі, оның ішінде 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан қиратылды
Қазақстанда қаңтар айындағы оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен ғимараттарды жөндеу және мүліктің бүлінуі шығындарын ескере отырып, жалпы шығын 136,8 млрд теңгеге бағаланады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы бағам - $1/435, 1 теңге.
Жалпы ел бойынша, Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған комиссияның бағалауында, ғимараттарды жөндеуге жұмсалған шығындарды ғана емес, мүліктің бүлінуін де ескере отырып, жалпы шығын 136,8 млрд теңгені құрады, - делінген сенбі күні таратылған хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, аталған сомадан мемлекеттік органдардың шығыны 54,6 млрд теңгені құрайды (жөндеу жұмыстары – 28,7 млрд теңге, мүлік – 26 млрд теңге). Бизнестің 1 923 объектісіне 82,2 млрд теңгеге залал келтірілді, оның ішінде жөндеу жұмыстарының сомасы 109,2 млн теңгені (306 нысан), мүліктік залалды өтеу сомасы – 82,1 млрд теңгені құрайды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстарды қаржыландыру және Үкіметтің төтенше резервінің қаражаты есебінен залалды өтеу үшін бюджеттік өтінім дайындалуда.
Тәртіпсіздік барысында ел бойынша 351 жылжымайтын мүлік объектісі, оның ішінде 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық объект зардап шекті. Ғимараттар 8 өңірде: Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында зқиратылды, - деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша, зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығындар 28,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ғимараттары бойынша залал - 28,7 млрд теңге.
Бұл сома Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясын қалпына келтіруді есепке алмай отыр. Ғимарат Президент Іс басқармасының күшімен қалпына келтіріледі, деп хабарлады министрлікте.