ШҚО әкімі Өскемендегі жыр болған үйді ретке келтіруді тапсырды
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары Бауыржан Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлерді жөндеумен айналысады
ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппараттық кеңесте Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандарына Өскемендегі Момышұлы көшесі, 14 үйдегі жағдайды соңына дейін жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2020 жылдың соңында көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қақты - жаңа ғимараттың сыртқы қаптамасы құлай бастаған. 2020 жылдың желтоқсанында ғимараттың қасбеті алғаш рет құлады. Кейін жағдай бірнеше рет қайталанды.
Авторлық және техникалық қадағалау өз міндеттемелерін орындамады. Нәтижесінде көпқабатты үйдің тұрғындары зардап шегуде. Бұл екі бөлім құрылысшылар жіберген кемшіліктер үшін заң бойынша жауап беруі керек. Егер қажет болса, біз сотқа жүгінеміз, - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы басқарма мамандары осы құрылымдардың одан әрі жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс екенін атап өтті.