Қазақстанның тағы төрт облысы КВИ бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 037 214 адам, екінші компонентін - 8 585 758 адам алды
Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК 13 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды және Қызылорда облыстары.
"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 9 122 жағдайы тіркелді (пандемия кезінде барлығы 1 млн.013 мың 586). 13 мың 062 адам қайтыс болды. Коронавирустан 792 адам қалпына келді (барлығы 966 мың 588).
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 037 214 адам, екінші компонентін - 8 585 758 адам алды.
13 қаңтарға 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) КВИ-дан ем алып жатыр, оның ішінде:
-
стационарларда 3 888 пациент бар,
-
амбулаториялық деңгейде - 31 822 пациент.
КВИ+ және КВИ - мен ауырғандардың ішінде:
-
ауыр халде - 206 пациент,
-
аса ауыр дәрежедегі жағдайда -62 пациент,
-
ӨЖЖ аппаратында - 38 пациент.