Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Мәжілістегі отырыста не талқыланды?

Депутаттар Мемлекет басшысының елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Что обсудили бүгін на заседании в Мажилисе
Фото:
Мажилис Парламента РК

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанымыздың алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп бергенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

 Мемлекет Басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын жүзеге асыру үшін Парламентке, соның ішінде, Мәжіліске үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан, біздің депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел, тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Бұл жолда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы, сонымен бірге, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға, әсіресе, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға және білімді күшейтуге ерекше назар аударатын боламыз, - деді Нұрлан Нығматулин. 

 Мәжіліс Төрағасы депутаттар Үкіметпен бірлесіп, осы жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

 Сонымен қатар, бүгін Палата депутаттары біршама жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Атап айтқанда, жеке қосалқы шаруашылық туралы, кинематография және мәдениет мәселелері бойынша, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобалары бар.

 Палата депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алды. Олар: толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы, Қазақстан мен Түркі Академиясына байланысты келісім және БҰҰ медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциялары. 

 Мәжіліс отырысында депутаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы ратификациялық келісімді мақұлдады. 

Келісім екі ел резиденттерінің қаржы шоттары туралы өзара ақпарат алмасуды көздейді, бұл өз кезегінде, Қазақстан үшін салықтарды жинаудың және әкімшілендірудің қосымша құралы болып табылады.

Следующая →