ШҚО ПД: облыстағы жағдай тұрақты
Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері белсенді режимде қызмет атқаруды жалғастыруда
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізілген "Төтенше жағдай" режимі аясында полиция қызметкерлері ерекше режимде қызмет атқаруды жалғастыруда. Осыған сәйкес блокпосттар арқылы көлік құралдарының жүріп-тұруына, кіруіне және шығуына шектеулер енгізілді. Оларда құжаттарды тексеру, жеке заттарын, автокөліктер мен жүктерді тексеру жүзеге асырылады, сондай-ақ көпшілік жиналған іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Коммуналдық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тонау фактілеріне жол берілген жоқ. Қоғамдық көлік тұрақты жұмыс істейді, облысішілік автобус қатынасы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Өңірде тәртіп орнату аясында Ішкі істер органдарына 1 100-ден астам адам жеткізілді. Сотқа дейінгі 8 тергеу әрекеттері басталды: ҚР ҚК 380 бабы 3 бөлігі - билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану (2), ҚР ҚК 272 бабы 2 бөлігі - жаппай тәртіпсіздік (2), ҚР ҚК 255 бабы 4 бөлігі - терроризм актісі (2), ҚР ҚК 200 бабы - көлікті заңсыз айдап әкету (1), ҚР ҚК 287 бабы - қаруды заңсыз сақтау (1). 80 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның мәліметінше, 5-12 қаңтар аралығында 322 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
-
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488 бабы) - 298 адам;
-
төтенше жағдай режимін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы) – 22 тұлға; - құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау (ҚР ӘҚБтК-нің 667 – бабы) - 2 адам.
-
Тәртіпсіздік барысында 92 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алды.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдар тарапынан 100-ден астам адам жарақат алды. Қаза болғандар – 3, - деп толықтырды Полиция департаментінде.
Жалпы облыс бойынша тәртіпсіздіктер барысында 10 қызметтік автокөлік зақымданды, 11 бірлік қызметтік автокөлік жойылды. Сонымен қатар, азаматтарды көрінеу жалған ақпарат таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеміз.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ресми ақпарат көздеріне ғана сену қажет. Төтенше жағдай кезінде осындай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-тармағына сәйкес үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Енгізілген шектеулерге шыдамдылық танытуды, сабырлық сақтауды, сақтық шараларын сақтауды, арандатушылыққа бой алдырмауды және полицияға барлық күдікті фактілер мен тұлғалар туралы хабарлауды сұраймын. Осылайша Сіздер құқық қорғау органдарына облыста тәртіп орнатуға үлкен көмек көрсетесіздер.