10 қаңтар Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұл туралы Әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады
Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Қазақстандағы Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Еліміздің бірқатар аймақтарындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адам өліміне байланысты Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдады, - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі хабарламасында. - Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланады.