Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан үкіметі отставкаға кетеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында (Қазақстанның батысында) және Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Правительство Казахстана уходит в отставку
Фото:
Акорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметінің отставкасын қабылдады. Тиісті Жарлыққа Тоқаев сәрсенбіде қол қойды, құжат Мемлекет басшысының сайтында жарияланды. 

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 70 - бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын", - делінген Жарлықта. - Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің міндетін атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа (кеткен үкімет құрамындағы бірінші вице-премьер) уақытша жүктелсін.
 Жарлыққа сәйкес, Үкімет мүшелері министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін орындауды жалғастырады. 

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында (Қазақстанның батысында) және Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды. 

Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, - дейді Президент баспасөз қызметі. 

 Алматыда, Нұр-Сұлтан қаласының кейбір аудандарда интернетті бұғаттайды, what ' s App және Telegram мессенджерлері жұмыс істемейді. 

 5 қаңтарда президент елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Следующая →