Михаэлис-Космическая көшелерінің қиылысындағы бағдаршамды жақында қайта орнатады
Үш апта бұрын Өскемендегі бағдаршам нысаны жол-көлік оқиғасынан айтарлықтай зардап шекті және ақаулығынан оны алып тастауға тура келді
Өскемен жүргізушілері қалыптасқан жағдайға наразы - себебі екі көшенің қайғылы қиылысында кептелістер мен тұрақты апаттар орын алуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінде жағдайға қатысты түсініктеме берілді. Михаэлис – Космическая қиылысындағы бағдаршам ЖКО салдарынан бүлінген,-деп хабарлады Өскемен қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Сергей Коваленко. - Сот талқылауы өтті. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сақтандыру компаниясымен келтірілген залалды өтеу мәселесі шешілуде.
Сергей Юрьевич түсіндіргендей, мердігерлерге ақша аударылғаннан кейін зардап шеккен бағдаршам нысаны қалпына келтіріледі.
Бұл қаншалықты тез болатыны әзірге нақты белгісіз.