Өскеменде екі күн ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді
Өнімді 26 және 27 қарашада төмендетілген бағамен Ұлан ауданының тұрғындары мен облыс орталығының тауар өндірушілері ұсынады
Жәрмеңкелерде ет және сүт өнімдерін, балық, көкөніс, бал, жеміс-жидек, түрлі май, тәттілер және т.б. сатып алуға болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жұма және сенбі күндері таңғы сағат жетіден кешкі үшке дейін "Фреш Маркет" дүкенінің жанында өз өнімдерін Ұлан ауданының тұрғындары, ал "Дос-Нар" СҮ жанында - өскемендіктер ұсынады.
Айта кетейік, ШҚО-ның түрлі аудандары мен қалаларынан келген ауыл шаруашылығы тауарларының жұма және сенбі күндері жәрмеңкелері желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.