ШҚО ТЖ Департаменті ШҚО-да қандай жолдар жабылғанын айтты
Ауа райының нашарлауына байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігінің, сондай-ақ автобустардың қозғалысына уақытша тыйым салынады
Сағат 16.20-дан бастап Шығыс Қазақстан облысының трассалары барлық бағыттар бойынша ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бірақ республикалық және облыстық маңызы бар жол учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көлігі мен жолаушылар көлігі үшін қозғалысқа шектеулер қолданылады:
-
Өскемен-Семей (10 - нан 198 километрге дейін, Герасимовка-Семей),
-
Өскемен-Риддер - РФ шекарасы (15 - тен 105 километрге дейін, Белоусовка-Риддер),
-
Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (15 - тен 123 километрге дейін, Глубокое - Шемонаиха-РФ шекарасы).
Сондай-ақ, сағат 17-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) Республикалық маңызы бар жол учаскелерінде жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді:
-
Таскескен-Бақты (ҚХР шекарасы) (0 - 75 километр, Алматы-Өскемен - Үржар трассасынан Таскескенге бұрылыс),
-
Алматы-Өскемен (615 - 1068 км, Алматы облысының шекарасы-Қасым Қайсенов).